Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының маңындағы елді мекендерді су басу қаупі сейілді. Ертістегі судың деңгейі төмендеді, деп хабарлады Алтайньюс.
15 қаңтардағы жағдай бойынша судың деңгейі 428 сантиметр болды. Яғни бір тәулік ішінде 45 сантиметрге төмендеді, – деп мәлімдеді ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасы.Еске сала кетейік, Ертіс өзенінің арнасын мұз құрсап, су деңгейі айтарлықтай көтерілген болатын. Осыған байланысты жақын маңдағы ауылдарға су басу қауіпі төнген еді.
Екі отбасыны көшіруге тура келді. Өйткені су олардың баспанасына апаратын жолға дейін шығып кетті. Қазір қауіп жоқ. Тұрғындар үйлеріне қайта оралады, – деп жазды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Instagram желісіндегі парақшасында.