Семейдегі дүкеннен заңсыз тауарлар тәркіленді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері өңірдегі дүкеннен бірнеше заңсыз тауарларды анықтады.</h4>

9 Қазан 2019 2019, 14:57
АВТОР
 9 Қазан 2019 2019, 14:57
9 Қазан 2019 2019, 14:57
1762

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері өңірдегі бірнеше дүкеннен заңсыз тауарларды анықтады.

«Қаладағы Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды. Оның жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеде», - делінген  мемлекеттік кірістер басқармасы таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Наверх