Семей әкімі тұрғындарды 11 жыл бойы салынып жатқан мешітті асарлатуға шақырды

26 Шілде 2019, 02:48
1478
Бөлісу:
Семей әкімі тұрғындарды 11 жыл бойы салынып жатқан мешітті асарлатуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімі Ермак Сәлімов 11 жыл бойы құрылысы жалғасып келе жатқан мешітті салу үшін қала тұрғындарын асарға шақырды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады. 

Бүгінде Семей қаласында 2700-3000 адамға есептелген мешіт салынуда. Оның құрылысы 2008 жылы басталған. Жоспарға сәйкес, мешіт пайдалануға 2020 жылдың жазында берілуге тиіс. Осыған байланысты қала әкімі тұрғындарды мешіттің құрылысына атсалысуға шақырды.

"Мұндай игі іске кезкелген адам өз үлесін қосуы керек деп санаймын. Біреулер қаржылай, ал енді біреулер еңбегімен өз пайдасын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл халық үшін салынып жатқан мешіт сондықтан барша қала тұрғындарын Асарға шақырамын", - дейді қала басшысы Ермак Сәлімов.  

Асар осы сенбі, яғни 27 шілде сағат 15:00-ге жоспарланған.



Өзгелердің жаңалығы