Семейде ажырап кеткен КамАЗ-дың тіркемесі 20 жастағы жігітті мерт қылды, - деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 24 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. 34 жастағы жүргізуші КамАЗ жүк көлігін біріктірілген тіркемемен басқарып келе жатқан. Ол қалада келе жатқан кезде ақау салдарынан жүк тіркемесі ажырап кеткен. Артынша тіркеме өз бетінше жүріп кеткен. Салдарынан тіркеме жол жиегінде кетіп бара жатқан тұрғынды қағып кетті.
Апат салдарынан Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Бүгінде бірқатар сот сараптамасы тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.