Семей қаласында Би Боранбай көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, LADA Priora автокөлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығар кезде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, Haval маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Аталған көлік Степной елді мекені бағытына қарай қозғалып келе жатқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жай анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде мұқият болуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі екенін еске салады.
Оқи отырыңыз: