Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде Селевин және Бозтаев көшелерінің қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға өткен түнде болған.
Hyundai мен Toyota маркалы көліктер соқтығысты. Жеңіл көліктердің біріндегі жолаушы салоннан шыға алмай қалған. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, арнайы құралдың көмегімен 1971 жылғы әйел адамды аман алып шықты, – делінген хабарламада.