Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

16 Мамыр 2024, 23:15
1227
Бөлісу:
Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды
Фото: Арман Мухатов -архив

Семейде бұған дейін хабар-ошарсыз кетіп, іздеу салынған ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Семей қаласы тұрғынының 16 және 18 жастағы балалары хабар-ошарсыз кеткені туралы мәлімдемесіне сәйкес, жоғалған жасөспірімдерді іздеуге Семей полиция гарнизоны көтерілді.

Іздеу іс-шаралары Ұлттық ұланның, полицияның, құтқарушылардың, еріктілердің, сондай-ақ белсенді азаматтардың күштері мен құралдарын тарта отырып жүргізілуде.

Семейде жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды
Polisia.kz

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі "Құрылысшы" профилакториясының маңында суда табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жалғасуда.

Туыстарына және жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.

Өзгелердің жаңалығы