Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семейде жеке тұрғын үйден өрт шықты

18 Қараша 2024, 05:21
507
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысының құтқарушылары жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бүгін түнде Семей қаласы 9-линия көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай 135 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы