Семейде үй қабырғалары муралдармен безендірілді

Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 21 Маусым 2023 2023, 12:01
21 Маусым 2023 2023, 12:01
2419
Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір аталған жұмыстар Шәйжүнісов 152, Мәңгілік ел 10 мекенжайында жүзеге асуда. 

Бұл аудандарда Семейдің келбетін бейнелейтін сурет пен Ұлы Абайдың суреттері салынуда. 

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше, биыл дәл осындай бірнеше мурал пайда болады. 

Айта кетейік, мурал – бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. 

Мурал сөзі ағылшын тілінен аударғанда – "қабырғадағы сурет" деген мағынаны білдіреді. Мурал - арт суреттері кез келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл - биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

Наверх