Семейде табиғи саябақтар салынады

27 Тамыз 2022, 20:30
984
Бөлісу:
Семейде табиғи саябақтар салынады

Абай облысының  әкімі Нұрлан Ұранхаев  Ертіс өзенінің ортасындағы «Бейбітшілік» аралына табиғи саябақ салу жоспарын «QazaqGeography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаевпен бейнебайланыс арқылы талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның негізгі мақсаты – экотуризмді жақсарту.  Бейбітшілік аралына табиғи саябақ салу арқылы түрлі өсімдіктер отырғызылып, сирек кездесетін құстардың алуан түрін өсіру жоспарланған. Табиғи саябақта география, мәдениет, өлкетану, экологиялық туризмге арналған орындар бой көтереді. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы аумақ пен құстарды тамашалауға арналған бұрыштар да салынады.

Ландшафты дизайн арқылы қаламызды көркейту құптарлық іс. Біз экоурбанизмді дамыту үшін де ынтымақтасуға дайынбыз. Табиғи саябақты салуға арнайы орындар жеткілікті,- деді сөз соңында Нұрлан Ұранхаев.

Өзгелердің жаңалығы