Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОВ-156/15 мекемесінен қаруланған сотталған адамдар қашып кетті деген хабарлама тараған.
Бұл туралы ҚР ІІМ қылмыстық-ытқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Семейдегі 35 колониядан қаруланған жазасын өтеушілер қашып кетті. Семей, Дмитревка, Бородулиха, Жезкентте күзет күшейтілді, - деген ақпарат тараған.
Осы орайда ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.
Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінде жағдай тұрақты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша, Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.