Семейде №19 мекемеде тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған заттарды жеткізудің әрекетін болдырмады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзақ мерзімді кездесуге келген 46 жастағы Семей тұрғынының жұбайына алып келген азық-түлікті тексеру барысында көлемі бес литр бал шелегінен тоғыз телефон, оның ішінде бір IPhone, жеті құлаққап, тоғыз сим-карта және көлемі үш литрлік төрт банкадан алкогольдің ерекше иісі бар шие шырыны анықталды.
Алынған заттар сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері банкаларда 12 литр алкоголь бар екенін көрсетті.
Сот семейлік тұрғынды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады, – деп түсіндірді режим бөлімінің бастығы Бауыржан Рамазанов.