Семейде пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды

Құтқару қызметіне алаңдаған әйел қоңырау шалды. Ол екі жасар баласы пәтерде құлыпталып қалып, пәтерді өзі аша алмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 3 Қараша 2024 2024, 20:14
3 Қараша 2024 2024, 20:14
622
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жергілікті тұрғын құтқару қызметіне екі жасар баласы пәтерде құлыпталып қалып, пәтерді өзі аша алмай қалғанын айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, шанцты құрал-саймандардың көмегімен кіреберіс есіктің құлпын бұзып, есікті ашты.

Біраз уақыттан кейін алаңдаған ана баласын құшағына алып, ведомство мамандарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Наверх