Семейде ойын-сауық орталығы өртенуде

Өрттің шығу себебі мен жану аумағы анықталуда.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 20:40
Бүгiн 2026, 20:40
272
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Семейдегі ойын-сауық орталығы өртенуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылғы 3 наурызда сағат 19:10-да «102» арнасына Абай облысы Семей қаласында орналасқан «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығында өрт шығуы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері жетті. Қазіргі уақытта келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуациялануда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аумақ қоршауға алынды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. 

Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде. Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс жасауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіру жалғасуда, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Наверх