Семейде карантин режимі тағы күшейе түседі

18 Сәуір 2020, 07:55
1952
Бөлісу:
Семейде карантин режимі тағы күшейе түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысы қатаң шектеледі, деп хабарлайды 24.kz.

Бұдан былай техника құралдарының жүріп-тұруы үшін арнайы рұқсатқа қосымша бағыт сызбасы қажет. Сонымен қатар барлық құжаттар арнайы электрондық мәліметтер қорына енгізілуі тиіс.
Бұл сәуірдің 18-інен бастап енгізіліп жатқан карантиндік шараларға байланысты, - дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұған дейін қалада тек белгілі бір дәрежедегі шектеулер болған. Ол бойынша әр үй мен пәтерден тек бір адам өз ауданындағы дүкен, дәріханаға бара алатын. Ал көлік жүргізушілері мемлекеттік тіркеу нөмірінің соңы тақ не жұп болуына байланысты ғана қозғалған еді. Арнайы өткізілген рейд барысында бір сағатта 12 рұқсаттама алынып, 20 көлік жүргізушісіне ескерту берілді.

Кейбір жағдайлар бар, анықтамалары дұрыс емес, не болмаса бағыт-бағдарламалары дұрыс жүрмегендер бар, олардың берілген рұқсаттамаларын алып жатырмыз, апарып өткізіп жатырмыз. Бұл жүргізушілерге ескерту жасалып, профилактика жүргізіліп жатыр. Ертеңнен бастап карантин режимі тағы күшейе түседі деп Ертеңнен бастап ескерту болмайды, ертеңнен бастап бұл кісілердің барлығын учаске пунктіне, бөлімге апарамыз, сол жақта әкімшілік хаттама толтырылады, - дейді орталық полиция бөлімінің взвод командирі Ерасыл Бақытбек.
Өзгелердің жаңалығы