Семейде Ертіс өзені арнасынан шықты

15 Ақпан 2024, 23:07
1048
Бөлісу:
Семейде Ертіс өзені арнасынан шықты

Семейде Ертіс өзені ұсақ мұз жиналуының салдарынан арнасынан шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Восход кентінің аумағындағы Ертіс өзенінде ұсақ мұз жиналуының нәтижесінде өзен суы арнасынан шықты. Заливная көшесіндегі 10 ауладағы құрылыстарды одан әрі су басу қаупі туындады, тұрғын үйлерді су баспаған. Кент тұрғындарымен жағдай нашарлаған жағдайдағы әрекеттер жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, халықты уақытша орналастыру үшін орындар дайындалды, - делінген қалалық ТЖБ таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Семей қаласы ТЖБ және "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері Ертіс өзеніне мониторинг жүргізіп жатыр.

Су деңгейі сағат 08:00-де 301 см, сыртқы ауа температурасы -21°С болған. Жағдай бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы