Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семейде екі жұмысшы кәріз құдығында есінен танып қалған

10 Қыркүйек 2025, 22:53
672
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Семейде полицейлер дер кезінде әрекет етіп, кәріз құдығында есінен танып қалған екі жұмысшыны аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, оқиға қаладағы ғимараттардың бірінің жанында болған. ЖЭО-ның үш қызметкері кәрізге түскен кезде екеуі ауа жетпей есінен танып қалған. Алғашқылардың бірі болып көмекке ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері – Аслан Какенов, Ерзат Баймулаев, Айгерім Мұхтарбекова және Тұрсынбек Айтқазы жеткен.

Аслан Какенов саты әкеліп, бір жұмысшының шығуына көмектессе, Айгерім Мұхтарбекова жедел жәрдем шақырды. Ерлікке барған Ерзат Баймулаев противогаз киіп, өзін арқанмен байлап, кәрізге түсіп, есінен танған екі жұмысшыны сыртқа алып шықты. Қауіпсіздікті әріптестері бақылап тұрды.

Көп ұзамай дәрігерлер де жетіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қауіпті жағдайда өз өмірін қатерге тіккен полицейлер оқиғадан кейін де қызметін жалғастырды.

Өзгелердің жаңалығы