Семейде әйел адам балконнан құлап, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің өліміне қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.