Семейде 9 жасар баладан интимдік фотосуреттер сұраған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тексеріс жүргізілуде. Тексеріс қорытындысы бойынша аталған адамның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, 42 жастағы ер адамның ауруына байланысты оны мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу мәселесі қаралуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Полициядан мәлім еткендей, істің тергелуі ерекше бақылауда.
Еске салайық, бұған дейін Түркістанда 16 жастағы қызды зорлап өлтірген ер адам өмір бойына сотталғаны хабарланды.