Семей қаласында бес автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 20 қазан күні сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесінде 60 жастағы жүргізуші HYUNDAI TUCSON маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамағандықтан, алдында тұрған NISSAN SKYLINE маркалы автокөлікпен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан TOYOTA CAMRY, HYUNDAI TUCSON, VOLKSWAGEN GOLF және KIA BONGO маркалы көліктердің қатысуымен тізбекті жол апаты орын алды. HYUNDAI TUCSON және NISSAN SKYLINE автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтауда.
Еске салайық, бұған дейін Астанада мас жүргізуші бордюрге соғылып, 15 тәулікке қамалған болатын.