Биыл Семей қаласының әртүрлі 41 көпқабатты үйдің қасбеттері күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл жұмыстарға 4 мердігер ұйым жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 38 көпқабатты үйдің қасбеттері жөнделді, қалған 3 үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз шкатурканы қырып, орнына бірнеше қабатты сылақ және бояу жағылады. 2022 жылы 16 үйдің қасбеті жөнделді. Ал биыл 2,5 есеге үйлердің санын ұлғайттық. Осылайша біз жыл сайын ескі үйлердің сыртын кезең кезеңімен жаңартамыз,- деді тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.