Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде 21 жастағы бойжеткен 9 қабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Altaynews.
Оқиға 16 ақпанда 1-ші ықшам ауданында болған. 9-шы қабаттағы терезеден бойжеткеннің секіріп кеткені туралы хабар «102» арнасына келіп түседі. Кейін қыздың жансақтау бөлімінде көз жұмғаны белгілі болды.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.