Абай ауданының полицейлері тұрғындардан жоғалып кеткен 2011 жылы туған Бағдатбекова Наргиз Өнерқызын іздеуге қолғабыс етуді сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлердің мәліметінше, бойжеткен 23 ақпанда сағат 10.00 шамасында Семей қаласы, Восточный мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Баланың қайда кеткені белгісіз.
Белгілері: қара шаш, қоңыр көз. Бойы: 150-155 сантиметр, арықша келген.
Үстінде: қара қысқа күрте, қара қалпақ, қара шалбар, аяғында қара ала аяқ киім, қара рюкзак.
Суреттегі жасөспірімнің қайда екенін білетін болсаңыз, 102 нөміріне хабарласыңыз.