Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Аталған қылмыстардың жолын кесу мақсатында министрлік тиісті ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдап жатыр.Өткен жылдан бастап киберқылмыспен күресу бойынша ведомстволық бағдарлама жүзеге асырылуда.Өңірлерде оларды тексеру үшін арнайы тергеу-жедел топтар құрылды, - деді ол.
Дүйсетаев атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алу мақсатында тоқсан сайын жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Осылайша, Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіден құжаттарының жоғалғаны туралы хабарландыру тауып, соны пайдаланып шағын несие алуға өтініш білдірген Семей қаласының тұрғынын ұстады.Сонымен қатар азаматтар мерзімі өтіп кеткен несиелер туралы хабарлама алғанша өздеріне берілген несиелер туралы да білмеген. Қазіргі таңда 10 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған 350-ден астам азамат анықталды, - деді Рүстем Дүйсетаев.