Семейде 48 жастағы ер адам қоғамдық көлікте дау шығарып, тәртіп бұзған. Оқиғаға қатысты видео бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облыстық ПД таратқан ақпаратқа қарағанда, жолаушы алкогольдік мас күйде болып, дөрекі сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Видеоны интернетке жариялағаннан кейін полиция қызметкерлері оның кім екенін тез анықтап, тәртіп бұзушыны ұстаған.
Ер адамға бірден екі бап бойынша: ұсақ бұзақылық және көлікті пайдалану ережелерін бұзу бойынша іс қозғалды. Іс сотқа жіберілген.
Полиция қоғамдық орындарда агрессивті және әдепсіз мінез-құлыққа жол берілмейтінін еске салып, мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылатынын айтты. Азаматтардан құқық бұзушылықтарды 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.