Семей шаhарының қайта түлейтін сәті келді – саясаттанушы

30 Қыркүйек 2022, 20:43
1029
Бөлісу:
Семей шаhарының қайта түлейтін сәті келді – саясаттанушы

Бұл туралы саясаттанушы Бауыржан Серікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Абай облысына сапарымен барды. 

Жаңадан құрылған облыстың мүмкіндігі мол. Семей шаhарының қайта түлейтін сәті де келген тәрізді. Президент «Семей өткен ғасырдың басында қазақтың рухани астанасы саналған. Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды есейтіп, мүлде жаңа деңгейге көтерді. Олар қазақтың болашағы қандай болуы керектігін айқындап берді. Біз алыптарымыздың іргелі идеяларын ұстана отырып, ұлттық жаңғырудың жаңа белесіне қадам басуымыз керек» деп атап өтті, - деп жазды ол.

Ол Абай облысы алдағы уақытта ел экономикасының драйверіне айналатынын айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай облысын дамытуға мемлекеттен бөлек кәсіпкерлерді де ат салысуға шақырды. Бір беті Қытаймен, екінші беті Ресеймен шектесетін өңірдің логистикалық мүмкіндігі де жоғары. Қазақстан дегеніміз аймақтар деген сөз. Орталық қалалардан бөлек шекаралық аудандардың, ауылдардың дамығаны да маңызды. Абай облысы алдағы уақытта ел экономикасының драйверіне айналатын, көркейген өңірлер қатарында болады деген сенім мол, - деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы