Семей қаласының өрт сөндірушілері 81 адамды құтқарды

14 Маусым 2022, 19:20
2228
Бөлісу:
Семей қаласының өрт сөндірушілері 81 адамды құтқарды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының Физкультурная көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алтыншы қабатта пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туылған екі баланы қатты түтінделген тұрғын үйден құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, олар медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 31 тұрғын, оның 14 бала өрт сөндірушілердің көмегімен баспалдақ арқылы құтқарылды. Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесі күйік алып,  ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Семей қаласының өрт сөндірушілері 81 адамды құтқарды

Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД өрт шыққан жағдайда дереу 101 телефонына хабарлау қажет екенін ескертеді. Тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтіндеген орыннан кетуге тырысыңыз. 

Өртті болдырмау үшін, қажет:

- ашық отпен жұмыс жасауда, тұрғын үй-жайда темекі шегуде ұқыпсыздыққа жол бермеу.

 - мүмкіндігінше тұрғын үйлер мен пәтерлерде алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы.

- төсекке жатқанда немесе үйден шыққанда электр құрылғыларының өшірілгенін тексеріңіз.

- электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз. Ақаулықтарды уақытылы жойыңыз.

Өзгелердің жаңалығы