Семей қаласында суға батып бара жатқан бала құтқарылды

15 Шілде 2023, 08:36
800
Бөлісу:
Семей қаласында суға батып бара жатқан бала құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"112" пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Затон ауданындағы Ертіс өзенінде 2013 жылы туған бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпарат жинау барысында суға шомылу кезінде баланың эпилепсиялық құрысуы болып, суға бата бастағаны анықталды.

Отбасымен бірге жағалауда демалған Айжан Садырбалина суға батып жатқан баланы көріп, дереу көмекке асығып, судан шығарып алды. Содан кейін ол балаға дереу дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті. Осы уақытта басқа куәгерлер "103" қызметін шақырды.

Дәрігерлерді тексергеннен кейін бала КЕАҚ «СМУ» университеттік госпиталіне жатқызылды.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа.

Өзгелердің жаңалығы