Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семей мен Өскеменде ЖЭО салу мәселесі келесі айда шешіледі

26 Тамыз 2025, 12:26
916
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қыркүйекте Семей мен Өскеменде ЖЭО құрылысын қаржыландыру туралы шешім қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Көкшетаудағы жылу электр орталығы туралы шешім қабылданды. "Самұрық-Энерго" жобаны іске асыруды қолға алды. Семей мен Өскемендегі ЖЭО бойынша үкіметаралық келісімге сәйкес қарастырдық. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ресейлік тарап қаржыландыруды мақұлдамады. Сондықтан біз бұл жобаларды өздігімізден іске асыру мәселесін қарайтын боламыз, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, шешім келесі айда қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семей мен Өскеменде жылу электр орталығы салынатыны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы