Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Шығыс – Адалдық алаңы" жобасы аясында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері дәрі-дәрмек бағасы мен жетіспеушілігі бойынша аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Осы орайда Семей қаласының "Жастар ресурстық орталығының" мамандары бірқатар дәріханада болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша бақылау жұмыстарын өткізді.
Семей қаласының жастар ресурстық орталығының маманы Қ.Молдақашев дәріханалардағы дәрі жетіспеушілігі үлкен мәселе туындататынын айтты.
Елімізде үлкен індеттің өршуіне байланысты халық көптеген қиындықпен кездесіп жатқаны белігілі. Осы қиындықтардың ішінде үлкен бел алған мәселенің бірі - дәріханалардағы дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселенің анық қанығына көз жеткізу мақсатында Семей қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары қала дәріханаларында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг нәтижесі бойынша қаладағы дәрі-дәрмек тапшылығы жойылып келе жатқандығы айқын көрінеді. Екі апта бұрын болған жағдаймен салыстырғанда, қазіргі сәтте халыққа қажетті препараттардың көпшілігі дәріхана сөрелерінде пайда болғаны байқалды, - деді ол.