Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Семей қаласының әкімдігі 23 миллион теңгеге екі шырша сатып алды деген ақпарат желіде қызу талқыға түскен еді. Жергілікті халық шыршалардың бағасына сай еместігін айтып, қала басшылығын сынға алды.
Бұл сынға қалалық ТҮКШ өкілдері жауап берді.
«Орал шыршасы» деп аталатын жасанды ағаштар Мәскеуден сатып алынған. Бірінің биіктігі 19 метр, екіншісі 18 метр. Шыршаның өз құнына біраз шығын бар. Мәселен шыршалар мынадай бөліктерден тұрады: орталық алаңдағы ұзындығы 200 сантиметр «Жұлдыз»; 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар; «Жұлдыз» ойыншығы – 47 сантиметр, 25 дана; «Жұлдыз» ойыншығы – 36 сантиметр, 220 дана; 245 жұлдыз тәрізді қоректендіру адаптері. Сонымен қатар бағаға Мәскеуден тасымалдау шығындары, құрастыру және салықтар түгел кіріп тұр, – деді олар.