31 шілде-1 тамыз аралығында Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар синоптиктер мегаполисте дауылды ескерту жариялап, судың жайылуы мен су басу мүмкіндігін айтты.
Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес («Қазгидромет» РМК 2024 жылғы 31 шілдедегі жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды.
Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.
Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жеке тұрғын үйлердің иелеріне - жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді жаңбыр судың ағынын бұруға дайындық шараларды қабылдауды сұрайды.
- Егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз, әуе электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;
- Әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсуі адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- демалуға тоқтамаңыз және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында лагерьлер құрмаңыз;
Естеріңізде болсын, сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындамаңыздар!