19 ақпан сағат 22.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 22 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
Абай облысы:
- "Омбы-Майқапшағай" 915-1002 км
- Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін)
Шығыс Қазақстан облысы
- Облыс бойынша барлық бағыттар
Жамбыл облысы
- "Алматы- Ташкент-Термез" Кенен ауылы-Қайнар ауылы
Жетісу облысы
- "Алматы-Өскемен" 57-615 км
- Үшарал қаласы – Абай қаласы
Қарағанды облысы
- "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 217-320 км
- Қарқаралы-Абай ауданы шекарасы
- "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км,
- Ұлытау ауданы – Топар ауылы
Қостанай облысы
- "Жезқазған-Петропавл" – Ұлытау облысы-Арқалық қ.
Павлодар облысы
- Омбы-Майқапшағай 427-587
- Кенжекөл ауылы - Абай ауданы
Ұлытау облысы
- "Жезқазған-Петропавл"- Қостанай облысы-Ұлытау ауылы
- "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 290 бірлік техника және 467адам жұмылдырылды.