Сегіз айда жол апатынан 1500-ге жуық адам қаза тауып, 12 мыңнан астамы жарақат алған

12 Қазан 2022, 14:04
965
Бөлісу:
Сегіз айда жол апатынан 1500-ге жуық адам қаза тауып, 12 мыңнан астамы жарақат алған

Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында мәжілісмен Самат Мұсабаев депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі таңда Атырау-Астрахань, Ақтөбе-Қандағаш, Қарағанды-Балхаш, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, сол сияқты басқа да көптеген жобалар Үкімет және мемлекеттік органдар тарапынан уақытында шешімі табылмай, бюрократияға жол беріліп жұмсалған қаржылардың жерге көміліп, жұмыстардың аяқталмауына байланысты қаражаттың зая кеткенін айқын көріп отырмыз. Мердігер компаниялар жүк тасымалдағыш вагондардың  жетіспеушілігі, құрылыс материалдарының, битумның жетіспеушілігі қаражат, қымбатшылық және инфляция, Үкімет пен мемлекеттік органдар бірнеше рет өткізген кеңестерінен оң нәтиженің шықпағанын тілге тиек етуде.

Сонымен қатар ол мердігер компаниялардың вагон жетіспеуіне не болмаса инфляция жөніндегі уәждері дұрыстығын айтты. 

Сапасыз салынған жолдардың жағдайы біздегі коррупциямен салғырттықтың  және талапсыздықтың салдарынан болып отыр. 2022 жылдың 8 айында республика жолдарында 9 430 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның нәтижесінде 1 480 адам қаза тауып, 12 400 адам жарақат алған. Бұл цифр жылдан жылға өсуде. Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында  басқа өңірлермен салыстырғанда өте жоғары. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің жалпы ұзындығы 2 787 шақырымды құрайды. Биыл небәрі 8 айда аталған дәлізде 317 жол көлік оқиғасынан 147 адам қаза тауып, 560 адам жарақат алған, - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, қаражат тапшылығынан және аралық жөндеу мерзімдерін сақтамағандықтан осындай жағдай орын алып отыр. 

Қазіргі таңда, елімізде автомобиль жолдарының инфрақұрылымын талапқа сәйкестендіру үшін жер үсті және жер асты өткелдері мен көпірлерден бөлек,  1 000 000 км астам жолға жол таңбалары, 25 000 астам жол белгілері, 13 000 жуық сигнал бағаналары, 514 бағдаршам, 5000 км жолға жарықтандыру сынды реттеу құралдары қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы