Сегіз айда 5 132 көлік ұрланды – депутат

14 Қазан 2020, 15:20
1543
Бөлісу:
Сегіз айда 5 132 көлік ұрланды – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов соңғы кездері автокөліктердің жиі ұрланып жатқанын айтып, дабыл қақты. 

Автокөліктері ұрланып, зәбір шеккен адамдардың өтініштері келіп түсіп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, соңғы екі жыл және осы жылдың 8 айы ішінде 5 132 көлік ұрланған. Оның ішінде тек қана 1 922-і ғана табылған. Жалпы, кімнің болса да, автокөлігі жоғалуы және оның табылмауы жәбірленген отбасы үшін ауыр тиетіні белгілі. Өкінішке қарай, жылдан-жылға қарай, жоғалған автокөліктердің саны көбейіп, табылатындарының саны азаюда. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы 5 490 автокөлік жоғалса, соны тек 671-і иесіне қайтарылған. Осы жылдың тек 8 айында 1 733 автомобиль ұрланып, 233-і табылды, - деді Ерсұлтан Бектұрғанов. 

Ол осы ретте соңғы кездері автөліктердің неліктен көп ұрланып кеткенінің себебін айтты. 

Мұндай көрсеткіш себептері 2018 жылдан бастап, автокөлік құралдарын екінші реттік есепке алу немесе есептен шығару және шешу кезінде шанағы мен қозғалтқыштарының нөмірлерінің белгілерін визуалды тексеруді жүргізуді алып тастау болып отыр деп санаймын. Соңғы 2 жыл және осы жылдың 8 айының ішінде екі реттік санаққа қойылған көліктердің саны 2 325 820 құрайды. Сондықтан Роман Василевич (вице-премьер Скляр - тілші) осы олқылықтарды бір жөнге келтіруді сұраймыз, - деді депутат.
Өзгелердің жаңалығы