Щучинскідегі жойқын жарылыс: "Центр плова" дәмханасының иесі қамауға алынды

Ақмола облысындағы "Центр плова" дәмханасының иесі ұсталды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 15:51
Бүгiн 2026, 15:51
290
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында сегіз адамның өмірін қиған жарылыс болған «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды. Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу») бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Щучинскідегі жойқын жарылыстан кейін тағы бір адам қайтыс болып, қаза тапқандар саны 8-ге жеткені хабарланды. 

Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан  жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.

26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.

Айта кетейік, Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ТЖД жанынан жедел желі ашылды.

Кейін жарылыстың бір куәгері әріптестерімен бірге зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.

Белгілі болғандай, Ақмола облысы Щучинск қаласы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жарылыс ауызашар уақытында болған жоқ. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар болмаған.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеген еді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх