Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды.

 Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 09:27
Бүгiн 2026, 09:27
206
Фото: Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиға салдарынан 10 адам құтқарылды. 28 адам зардап шекті, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, 8-і медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Олардың жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жанып жатқан дәмханадан көлемі әрқайсысы 50 литр болатын 5 газ баллоны және 2 оттегі баллоны шығарылып, ғимарат ішінде қайталама жарылыстардың алдын алды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан жедел желі ашылды: 8 (7162) 51-42-98.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, 26 ақпан күні Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан кафелердің бірінде жарылыс болып, адам шығынына әкелген қайғылы оқиға болды. 

Наверх