Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз адамның қаза табуына байланысты оқиғаға дейін нысанды тексеруге тиіс болған инспекторлардың жауапкершілігі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенаттың кулуарында журналистер ведомство басшысының орынбасарынан инспекторларды жауапқа тарту туралы сұрады.
Әділов бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ. Оның айтуынша, кафе иесі ұсталған, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қозғалып, Ақмола облысының арнайы прокурорларына берілген. Ал басқа ведомство жүргізіп жатқан тергеу барысына түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін айтты.
Басқа мемлекеттік құқық қорғау органдары тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша, өкінішке қарай, пікір білдіре алмаймын, - деді ол.
Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.
26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетейік, Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ТЖД жанынан жедел желі ашылды.
Кейін жарылыстың бір куәгері әріптестерімен бірге зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы Щучинск қаласы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жарылыс ауызашар уақытында болған жоқ. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар болмаған.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Кейіннен қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті.