21-28 желтоқсан аралығында Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан биатлоншылар одағына сәлтеме жасап.
Чемпионатқа Қазақстанның жеті облысынан 118 спортшы қатысуда.
Жарыс бағдарламасында барлығы 6 дисциплина – жеке жарыс, спринт, суперспринт, эстафеталық жарыс (1×1 және 2×2) және масс-старт. Чемпионатқа қатысатын спортшылардың арасында 78 ер адам (оның 59-ы жасөспірімдер), 48 қыз спортшы (оның 42-сі жасөспірімдер).
Чемпионат биатлоншылар үшін шешуші сайыс болып табылады – бұл келесі жылдың наурыз айында Щучинскіде өтетін биатлоннан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысуға үміткерлер арасындағы алғашқы іріктемелік жарыс. Қазақстан құрамасының нақты құрамы ақпан айында өтетін халықаралық жарыстар мен Қазақстан Республикасының жастар кубогының қорытындысы бойынша анықталады.
Сондай-ақ, Қазақстан биатлоншылар одағы бұл шараны Sport Qory туризм және спорт индустриясын қолдау қорының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін әлем чемпионатын өткізуге стадионның дайындығын тексеруге бағытталған сынақ шарасы ретінде бағалайды.