«Сайран» көлінің механикалық тазарту жұмыстары аяқталды

14 Қыркүйек 2023, 09:46
691
Бөлісу:
«Сайран» көлінің механикалық тазарту жұмыстары аяқталды

Алматыдағы ауданы - 50 га болатын «Сайран» көлінің түбі тұнба шөгінділерінен тазартылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Бүгінгі күні көл аумағын реконструкциялау және абаттандыру бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында бастауды жоспарлап отырмыз, - дейді қала әкімі.

Еске сала кетейік, «Сайран» көлі 1971-жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүрмеген.

Өзгелердің жаңалығы