Сайран көлін қоқыс пен лайдан тазарту басталды

7 Ақпан 2023, 19:25
881
Бөлісу:
Сайран көлін қоқыс пен лайдан тазарту басталды
Фото: standard.kz

Алматыда су қоймасының түбін және жағалауын механикалық тазарту басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын мұндай жұмыс жүргізілмеген. Су қоймасының жалпы ауданы 162 мың шаршы метр, тазарту жұмыстарына 35 жұмысшы жұмылдырылған. 

Тазалау жобасы аясында мыналар қарастырылған: 

• түбін тереңдету; 

• батыс жағалауды реттеу;

• өзен арнасын тұрақтандыру; 

• жағажайларды тазарту; 

• сол жағалаудағы пирсті жөндеу. 

Механикалық тазарту мамыр айының соңында аяқталады. Биыл сәуір айында Әуежай мен Қарасу көлдерінде осыған ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы