Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері қала әкіміне "Сайран" автовокзалында қайта құру және абаттандыру жұмыстары жүргізіле ме?" деген сауалына қала әкімі жауап берді.
Біз үшін автовокзал үлкен ішкі көлік хабы ретінде өте маңызды. Алматының Бас даму жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес автовокзал қоғамдық - іскерлік аймақта, атап айтқанда, көліктік қызмет көрсету объектілері аймағында орналасқан, сондықтан ол жолаушылардың ауысып отыруларына өте ыңғайлы. Автовокзал иелерімен одан әрі реконструкция жүргізу және бірыңғай кешен құру үшін оны коммуналдық меншікке қайтару бойынша келіссөздер басталды,- деді Ерболат Досаев.