Құтқарушылар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Сайрам шыңына шығуға кеткен екі ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл Түркістан облысындағы ең биік шың, оның биіктігі төрт мың метрден асады.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ер адамдар тамыздың 31-і күні таңертең шыңға шығып, сол күні кешке қайтамыз деген ниетпен кеткен. Алайда олар әлі үйлеріне оралмады.
Құтқарушылар мен ТЖД мамандары іздеу жұмыстарын жалғастыруда.