"Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағындағы фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Парктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлар Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де көмектеседі.
Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Сайрам-Өгем" МҰТП аумағында аңшылықтың барлық түріне қатаң тыйым салынған.