Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде 14.00-дегі соңғы дауыс беру көрсеткіші сөз болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді.
ОСК ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде дауыс берушілердің белсенділігі бірте-бірте артуда. 12.00-дегі дауыс беру нәтижесі бойынша көш басында тұрған Түркістан әлі де алда. Одан соң Абай облысы мен Қызылорда облысының сайлау белсенділігін ерекше атап өтті.
Абай облысы бойынша – 69,32 %, Ақмола облысы бойынша – 51,04 %, Ақтөбе облысы бойынша – 53,21 %, Алматы облысы бойынша – 40,85 %, Атырау облысы бойынша – 52,56 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85 %,Жамбыл облысы бойынша 52,74 %, Жетісу облысы бойынша – 52,17 %, Қарағанды облысы бойынша – 53,75%, Қостанай облысы бойынша – 53,15 %, Қызылорда облысы бойынша – 59,18 %, Маңғыстау облысы бойынша – 53,40 %,Павлодар облысы бойынша – 52,55 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10%,Түркістан облысы бойынша – 76,61 %,Ұлытау облысы бойынша 68,32 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99 %, Астана қаласы бойынша – 39,79 %, Алматы қаласы бойынша – 24,17 %,Шымкент қаласы бойынша – 51,69 % құрады,-деді ол.
14.00 дегі соңғы мәліметтерге сүйенсек, дауыс беру барысында Қазақстан Республикасының 6 млн 113 мын 621 азаматы сайлау бюллетеньдерін алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16% -ын құрады.
Сондай-ақ шетел мемлекеттеріндегі 68 сайлау учаскесінің 63-інде белсенді жүргізілуде.