Сайлауға тағы екі-үш партия қатысқанда, қызық болар еді – Айгүл Соловьева

11 Қаңтар 2021, 21:29
1275
Бөлісу:
Сайлауға тағы екі-үш партия қатысқанда, қызық болар еді – Айгүл Соловьева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева сарапшылар форумында 10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарының сайлауына қатысты пікірін білдірді. 

Бірінші кезекте мен хартия бастамашысы болғанымды атап өткім келеді. Сол себепті сайлауға халықаралық құқық пен заңнама тұрғысынан қарадым. Менің ойымша, бүгінгі күні сайлауға қатысқан бес партияның бәсекесін саяси түрлену деуге келмейді. Плюрализм кішкене шектеулі болған секілді. Меніңше, сайлауға тағы екі-үш жаңа партия қатысқанда, қызық болар еді. Әзірге бес партия бар. Осы сайлау арқылы қоғамның қаншалықты кемелденгенін көруге болады. Өз бағдарламаларын таныстырған әзірге бес партия бар. Менің ойымша, оларға жеткілікті уақыт берілді, пікірталас та көп болды, - дейді Айгүл Сооловьева.

Оның айтуынша, бұл бәсекеде Nur Otan партиясының көшбасшылығы айқын көрініп тұрды.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, Nur Otan партиясы 71,09%, ADAL саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады. Сөйтіп, тағы да төменгі палатаға үш партия өтті. Олар Nur Otan, «Ақ жол» және ҚХП.

Өзгелердің жаңалығы