Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты

19 Наурыз 2023, 17:53
1165
Бөлісу:
Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты
PHOTO
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген еліміздің Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы Текелі қаласындағы №446 сайлау учаскесінде ерекше көңіл-күйде өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келушілер Наурыз көжеден, бауырсақтан дәм татып, Ұлыс күнінің келгенін сезінуде.

Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты
Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты

Сайлау учаскесіне жақындағаннан-ақ ұлттық нақыштағы әсем ән құлақ құрышын қандырады. Табалдырықтан аттай салысымен ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін көз тартады. Оң қапталда дойбы, шахмат ойнауға үйір үлкен-кішіге арнайы ойын үстелдері қойылған. Сайлаушылар өздері лайық деп тапқан партия мен кандидатына дауыс беріп шыққан соң, жеті түрлі дәмнен дайындалған Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татуда. Бұл жерде ұлттық ойынның да көрігі қызып, асық атудан шеберлік сынасып жатқандар да бар.

Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты
Сайлауға келушілер Наурыз көжеден дәм татты

Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Өзімнің учаскеме келіп, дауыс беріп шықтым. Сонымен қатар мұнда Наурыздың келгенін білдіретін ерекше аура бар екен. Соны көріп, сезініп, ерекше қуанып тұрмын, - деді текелілік тұрғын Данахан Сапиева.

Өзгелердің жаңалығы