18 жастағы елордалық Арай Қамиден алғаш рет сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Ұлттық академиялық кітапханада ашылған №111 сайлау учаскесінде 18 жастағы Арай Қамиден саяси науқанда алғаш рет өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы 18 жастағы Арайға естелік сыйлық табыстады.
Арай Қамиден - Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенті.
Бүгін алғаш рет дауыс бердім. Көңіл-күйім тамаша. Себебі бүгін еліміздің болашақ бағдарын айқындайтын саяси доданың шешіміне әсер етуге титтей болса да, өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Сайлауға келмес бұрын әр азамат үміткерлермен танысып, партиялардың бағдарламаларынан хабары болуы керек. Содан кейін барып қана өз үміткеріңе дауыс берген дұрыс, - деді елордалық.
Арай қазақстандықтардың таңдаған депутаты өз болашағымызға, еліміздің алдағы тағдырына әсер ететінін айтты.
Сайлаудың нәтижесі еліміздің өркендеуіне, экономикамыздың берік болуына әсер ететініне сенімім мол, - деп ойын айтты 18 жастағы сайлаушы.