Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында алғашқы брифинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз мониторингті Қазақстан аумағында ғана емес, барлық ТМД елдерінде, Қытай, Корея, Франция, Бельгия сияқты шет мемлекеттерде жүргіземіз. Бүгін де сайлау учаскелеріне барып бақылау жасаймыз. Кешке жиналып, өз қорытындымызды шығарамыз. Ертең алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясында өз қорытындымызбен бөлісетін боламыз, - деді өз сөзінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы Дмитрий Кобицкий.
Ал Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Өңірлік мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Вагаршак Акобян сайлауды ұйымдастыру деңгейі жоғары екенін атады.
Таңертеңнен бері ТМД Парламентаралық Ассамблеясы сайлау учаскелері бойынша байқауды республикалық маңызы бар қалаларда ғана емес, барлық өңірде жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін бұзушылықтар тіркелген жоқ. Ерекше атап өткім келетіні – сайлауды ұйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде. Бұл – демократияға үлкен қадамның бірі, - деді ол.