Сайлауды тойға айналдырып жіберген жоқпыз ба?

23 Қараша 2022, 17:47
2329
Бөлісу:
Сайлауды тойға айналдырып жіберген жоқпыз ба?

Бұл туралы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова «Желмая» жобасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сайлау – бір жағынан алып қарасаңыз, қоғамдық-саяси шаралардың бірі. Дегенмен өзіміздің төл дәстүрлеріміз бар ғой. Соған қарамастан, біз тек қана 7 жылдан кейін Мемлекет басшысын сайлаймыз. Оған дейін ондай мүмкіндік болмайды. Саяси науқанды мереке ретінде, басты шара ретінде қарастырған кезде қазақстандықтар жақсы көңіл күймен қарсы алып жатыр. Оны жақсы дәстүр ретінде қалдыруға болады. Бұл да біздің бір ерекшелігіміз, - деп атап өтті электоралды оқыту орталығының басшысы. 

Тіпті шетелде дауыс берген қазақстандықтардың өзі сайлауды мереке қылып өткізген. 

Менің ойымша, ондай шараларды қолдау керек. Олар (елінен жырақта жүргендер – ред.) пікір алмасады, осы болып жатқан шараларды, қоғамдағы өзгерістерді талқылайды, ойларымен бөліседі. Олар қоғамға қосатын өз үлесін осылай біледі. Халықтың саяси мәдениеті осылай қалыптасады, - деді Жанар Боқанова. 

Өзгелердің жаңалығы